Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті—АШМ



Product

Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 32 санаты бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі

Бұл мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды апта сайын бақылайды.

Өңірлер жіберген 13 мамырдағы деректер бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын түрлі азық-түлік тауар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1  мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар. Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да.

Категория